Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде білім алушылар мен педагогтердің, басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралумауы үшін жедел шаралар ұйымдастырылуда.
Білім және ғылым Министрінің бұйрығына сәйкес бүгіннен, яғни 2020 жылдың 16 наурыздан бастап колледждегі оқу процесін іске асыруға мүмкіндік беретін қашықтан білім беру технологиялары мен басқа да әдістерді қолдана отырып, оқыту қамтамасыз етілуде.
Біздің тәжірибемізбен бөлісейін. Күнбе күн пайдалана бермейтін Google сервисінің өнімдері осы кезде өте пайдалы екенін көріп отырмыз. Бұлар студенттер мен оқытушылар үшін қарапайым, қолжетімді, түсінікті интерфейстер «Google ClassRoom», «Google Duo», «Google Формы» өнімдері.
«Google ClassRoom» өнімін барлық топпен жұмыс үшін пайдаланған тиімді.
Жұма-сенбі күндері оқытушылар үшін вебинарлар мен оқыту семинары өткізіліп, бүгінгі таңда барлық пәндер бойынша қашықтан оқыту үрдісін бастап кетті. «Google Duo» өніміның жылдамдығы жоғары, онда бір мезгілде оқытушы 7 студентпен онлайн жұмыс жасай алады. Бұл сервис музыка, көркемөнер сияқты студенттермен жеке жұмысты қажет ететін сабақтар үшін қолайлы.
Қуантатын жайт, студенттер тапсырмалар бойынша сол мезетте жауаптарын жіберіп, түсінбеген сұрақтарын қойып жатыр. Көпшілігі ауылдарында отырып оқытушылармен бірге қашықтан оқытуға жауапкершіліктері мен қызығушылықтарын танытуда.
Колледжде «Қашықтан оқыту: видео және аудиожазба» кабинеті іске қосылды. Онда арнайы жасалған TechSmith компаниясының «Camtasia» бағдарламасымен оқытушылар студенттерге арналған материалдарын дайындап, контент ретінде платформаға орналастыруда.
Өкінішке орай, интернет желісі қолжетімсіз ауылдар да бар, ондай жағдайлар анықталып, студентерге тапсырмалар мен оқу құралдары қолма-қол берілуде.
Төмендегі суреттер мұғалімдерді оқыту семинары, дайындық және кеңес беру жұмыстарынан түсірілді.