2020 жылдың 27 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мен алғыс білдіремін!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Қазақта «Кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатады.
Кеш барысында алғыс күні туралы бейнороликтер көрсетілді. Студенттер «Ана туралы жыр», «Анашым», «Әке-ана» т.б әндерді әуелете орындады.