Ауған демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 31 жыл толды. Осыған орай 10 ақпан күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 1987-1989 жылдар аралығында Ауғанстан демократиялық республикасының Кабул провинциясында интерноционалдық борышын өтеген, қазіргі уақытта зейнеткер - Баймулдин Қадірбек Ескендірұлы және запастағы капитан «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің әскери жетекшісі - Есенғожин Болат Нуритдинович қатысты.
Ауған соғысы туралы студенттерге мағлұмат беріліп, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағызым ету, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиеледі. Ауған соғысының ардагері Қадірбек Ескендірұлы өзінің интернационалдық борышын өту кезеңінен оқиғаларды айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, батылдық пен ерліктің ерен үлгісі туралы ойларымен бөлісті. «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Нұрлыбек Закарянұлы ауған соғысының ардагерлеріне жеке құрамды тәрбиелеу ісіне қосар үлестерінің зор екендігін,ұрпақты тәрбиелеуде жауынгерлік жылдарындағы естеліктер Отанды сүюге, оған адал болуға үйрететінін айтып, ардагерлерге тілектерін білдірді.
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері