Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қолжеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «тар жол тайғақ кешулерден, соқтықпалы, соқпақсыз отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың зұлматынан өткен, сыйы мен тартуы да, қайғысы мен қасіреті де жетерлік сәттерге толы болды десек артық айтқандық емес. Даламыздай кең де, сабырлы халқымыз тағдыр талайында өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында тарих бетін айқара ашқан тәуелсіздік көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар әкеліп отыр. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтап, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы мол, қолы жомарт ел ретінде дамып келе жатқанымызға да 28 жылдың жүзі болды. Арада өткен жылдар белесі бүгінгі Қазақстанның әлемдік аренадан өз орнын ойып алған. Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет те өр елдің мекеніне айналды.
Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болып, көптеген елдермен елшілік қарым-қатынас орнатгы. Ел абыройы мен тұгастығын қорғайтын құжаттарға қол қойылды.
Еліміздегі тыныштық, төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттық көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы, ЮНЕСКО-ға мүшелікке қабылдануы елдік пен еркіндік белгісі ғана емес, Елбасының. біртуар азаматтардың жанқиярлық еңбек нәтижесін студененттерге насихаттап, үлгі ету мақсатында 09 желтоқсанда Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1аСП-9, 1аКШО-11, 3аКШО-11 топтары және топ жетекшілері Б.К Сапиев, А.Т Зайнуллина, Ж.Е Молдағалиеваның ұйымдастыруымен «Еркіндігім, қасиеттім, қастерлім»атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Шараға «Жаратылыстану» кафедрасының ардагер ұстздары Мәдина Кенжеалиқызы Естұрсынова, Максим Қапаұлы Нұғыманов, Шолпан Сағатқызы Набидоллина қатысты. Студенттер 1986жылғы ызғарлы желтоқсандағы Тәуелсіздік үшін алаңға шығып, ерліктері ел есінде қалған Желтоқсан оқиғасының қаһармандары туралы өз шығармашылығынан өлеңдер арнап, бейбітшілік тақырыбында әндерді шырқап, би биледі, тақырыпқа байланысты білімдерін шыңдап ойын ойнатылды.Шара соңында кафедраның ардагер оқытушылары Тәуелсіз еліміздің ұрпақтарына жылы лебіздерін білдіріп, оқуда озат болуыларына деген тілегін білдірді.
Жаратылыстану кафедрасының оқытушысы, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова