28.11.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді жастары және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Мұз айдыны сарайында Жастар жылын қорытындылауға және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығы мен Еріктілер жылының, «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясының бастау алуына арналған мерекелік шарасына қатысты.
Шара барысында қалалық мектептер мен арнаулы және жоғары оқу орындарының белсенді жастары өз ұрандары мен патриоттық бағыттағы әндерді шырқады. Сонымен қатар БҚО әкімі Ғ.Н.Искалиев сөз алып, атқарылған нәтижелі жұмыстарға оң бағасын беріп, келер жылды да абыроймен бірлесіп атқаруға шақырды. Студенттер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, жоғары деңгейде өткен мерекелік шарадан алған әсерлері туралы бөлісті.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова