Бүгін студенттер үйінде Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы күніне орай «Облыстық ЖИТС-ке қарсы және оның алдын – алу» орталығының маманы Г.К.Умбетовамен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында ЖИТС- тің шығу тарихы, алдын – алу туралы, Қазақстан және БҚО облысы бойынша пайыз көрсеткіші жөнінде ақпарат берілді. Кездесу барысында сонымен қатар тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, жадынамалар таратылды.