27.11.2019 күні «Жастар» мәдениет үйінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастары Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жыл бойы қоғамдық шараларға белсенді қатысты. Шарада ұйымдастырушылар волонтерлар қозғалысының дамуына елеулі өз үлесін қосқан өңірдің үздік волонтелері мен өнер адамдарын «Ерікті – 2019» салтанатты шарасында марапаттап, қаламызға сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова