26.11.2019 күні колледж психологы Н.Х. Курмангалиева студентер үйінің тұрғындарымен «Өмір,қымбатсың маған!» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Алдымен танысу мақсатында «Өрмек» жаттығуы орындалды. Жаттығу барысында өзінің есімі мен өмірлік мақсатын айтып, бір-бірі туралы қосымша ақпарат ала алды.
Танысудан соң «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы арқылы өздерінің өмірлік позициясын анықтады. Ортаны сергіту,қызғушылығын ояту мақсатында бірнеше ойын жаттығулар ойнатылды.
«Күлтешелер» жаттығуы арқылы әр студент өзінің ойымен бөлісті. Қатысушылар өздеріне берілген «күлтешелерге» «Өз өмірімді сүюіме әсер ететін себеп»,»Мен сенетін үш адам», «Естігім келетін үш сөз», «Мен мақтан ететін тұлға», «Менің жоспарлаған ісім, мақсатым», «Мен мақтан ететін жағдай, жетістігім», «Өзімді жақсы сезінетін орта» тақырыптары бойынша өз ойларын айтып, өз жазбаларын таныстырды.
«Өмір таразысы» жаттығуында студенттер "басқалар үшін өмір сүру" және "өзі үшін өмір сүру" екі өмірлік позицияны не себептен таңдағанын айтып, өз пікірлерін дәлелдеді.