19.11.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, асыраушысынан айырылған, ақылы топтарда білім алатын студенттердің оқу ақысына 5-25% аралығында жеңілдік беру бойынша Қамқоршылық кеңесі оздырылды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері жекелеген санаттағы студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныса отырып, бірауыздан шешім шығарды. Сонымен қатар әлеуметтік санатына байланысты оқу ақысына жеңілдік беру колледж басшылығы тарапынан аталған санаттағы студенттер үшін үлкен мүмкіндік екендігін атап өтіп, осы аталған істі алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова