Қазақ халқына тән асыл қасиеттердің бірі – қайырымдылық.
Қайырымды болу – ізгіліктің бастауы, адам жанының нұры демекші, «Қайырымдылық» айлығы шеңберіндегі игілікті істер колледжімізде өз жалғасын табуда. Қазан айының 15-інде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық коллежінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді студенттері және жетекшісі, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова Орал қаласының тұрғыны, Есқалиева 3 мекен-жайында тұратын, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» қызмет алушысы Сүлейменова Райса Насырқызының үйіне барып, ауланы және шарбақты тазалау жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетіп, ажейдің ыстық ықыласына бөленді.
Қайырымды жандардан құралған белсенді жастардың игілікті шаралары алдағы уақытта да айлық бойына жалғасын табатыны, жақсылыққа ұмтылған өрендердің қатары артқаны жанды жадыратады.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова