Әрбір елдің қоғамындағы шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады.
Қыз бала тәрбиесі бүтін бір ұлттың тәрбиесі екенін ескерсек, қазіргі таңдағы қыз балалар арасындағы келеңсіз жағдайлар, құқық бұзушылықтар, т.б қоғамдағы бірқатар мәселелер көңіл көншітерлік емес. Сол бағытта колледжімізде де жыл басынан бері жоспар құрылып, колледжде оқудан тыс уақытта олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, техникалық шығармашылық т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері ұйымдастырылады. Колледжде ұйымдастырылатын iс-шаралар әр қыз баланың дүниетанымын қалыптастыру, өмір жайындағы түсінiгiн кеңейтудi көздеп, жеке басына тән қасиетi мен қабілетiн ескере отырып жүргiзiлуде. Аталмыш бағытта 17.10.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 2аКДО-9 тобына топ жетекшісі Г.С.Нұрашева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.М.Ғалымова, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова және жастар ісі комитетінің жетекшісі А.М.Махамбетованың қатысуымен қыздар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртіп ережесі, зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы, қыз бала тәрбиесі, сабаққа, қоғамдық шараларға қатысуы, сонымен қатар түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көшеде жүруі, кертартпа діни ағымдардың алдын-алу бағытында олармен күрес жұмыстары туралы түсіндіріле отырып, студенттердің көкейкесті ойларын тыңдалды, сұрақтарына жауап берілді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова