Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымддылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Осы мақсатта 1 қазан 1 қараша «Қайырымдылық» айлығы аясында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жақсылыққа жаны құмар «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастары және жетекшісі, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова 08.10-09.10.2019 күндері Орал қаласының тұрғыны, Х.Чурина 160, 41 пәтер мекен-жайында тұратын, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» қызмет алушысы 82 жастағы, жалғызбасты Касицина Нина Васильевнаның үйіне барып, түс қағаз жабыстырып, еден сырлауға, үй тазалау жұмыстарына көмек көрсетіп, ажейдің ыстық ықыласына бөленді.
Қайырымды жандардан құралған белсенді жастардың игілікті шаралары алдағы уақытта да айлық бойына жалғасын табатыны, жақсылыққа ұмтылған өрендердің қатары артқаны жанды жадыратады.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова