Салауатты өмір салтын ұстану - қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Осы қағиданы жүзеге асыру барысында қыркүйек айының 26.09.2019 күні студенттер үйінде Денсаулық күніне «Сау ұрпақ, сау халық» тақырыбында тұрғындар арасында волейбол мен футболдан сайыс ұйымдастырылды.
Әр қабаттан құралған командалар өзара жарысқа түсіп, қызықты ойын көрсетті. Командалардың барлығы белсене қатысты.
Нағыз сайыс пен тартыстың керемет үлгісін көрсеткен волейбол,футбол сайысы жоғары деңгейде өтті.
Студенттер үйі әкімшілігі