25.09.2019 күні студентер үйінің тұрғындарымен «Жатақхана-қызықты өмір мекені» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Студеттердің қоғамдық орынға бейімделуі, өзара танысу, мәдениеттілікке, көпшілікке, ұйымшылдыққа баулу. Бұл шарада студенттердің өнері мен тапқырлығына жол ашып, бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру. Студенттерді адамгершілікке, жаңашылдыққа, адалдыққа, жан-жақтылыққа және мейірімділікке баулу.
Студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
Кеш ән, би және сайыстардан құралған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Студенттер үйінің әкімшілігі