24 қыркүйек Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін өзі басқару» ұйымы студенттері мен колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Өзін –өзі басқару» ұйымының төрайымы Қасым Алина, «Жас Отан ЖҚБ» төрағасы Мусин Бахтияр , мәдениет министрі Серіков Бағжан, спорт министрі Нұрлыбаев Сұлтан, әлеуметтік ақпараттандыру министрі Хамит Раида, «Руханият» еріктілер клубының төрайымы Кабенова Айша, «Адалдық алаңы» төрағасы Орынбасаров Береке өз идеяларын айтып, жаңа жобаларын ұсынды.
Жастар комитеті