11 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 1 курс студенттерінің арасында «Өз жеріңді танып, біл» атты акция жорық түрінде ұйымдастырылды. Жорықтың мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, туристік-өлкетану қызметі құралдары арқылы мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру, туған өлкесін іс жүзінде танып-білуге үйрету. Жорық маршруты бойынша студенттер 3 топқа бөлініп, жорық ұйымдастырушымен бірге жолға шықты.
Орал қаласындағы мұражайлармен, ескерткіштерге барды. Топ ұйымдастырушылары Ж.Досмұхамедов,Ж.Молдағалиев, А.Құнанбаев, С.Датұлы, А.С.Пушкин, Құрманғазы мен Дина, Махамбет пен Исатай ескерткіштерінің тарихымен таныстырып,2-3 курс студенттері тарихи тұлғалардың шығармаларынан үзінді оқып, ән-күйлерін орындап, Облыстық тарихи-өлкетану, Рухани жаңғыру, Табиғат және экология мұражайларында арнайы мамандар тарихқа шолу жасады.
1 топ: Ж.Молдағалиев ескерткіші - А.Құнанбаев ескерткіші – БҚО тарихи-өлкетану музейі
2 топ: Ж.Досмұхамедов ескертекіші - Сырым Датұлы ескерткіші – «Рухани жаңғыру» музейі
3 топ: Табиғат және экология музейі – Құрманғазы және Дина ескерткіші- А.С.Пушкин ескерткіші – Махамбет пен Исатай ескерткіші
3 топта жорық барысында жинаған тарихи құнды ақпараттарды бірігіп талдады. Жорықтың нәтижесінде студенттеріміз бойына рухани азық алып, тарихымызға терең үңіліп, өздерінің білімдерін одан әрі толықтырып, жақсы әсермен қайтты.