Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.
Осы мақсатта БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен «Орал студенттерінің Альянсы» коорпоративтік қоры «Ақжайық волонтерлері» 11.09.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Ынтымақ» волонтерлар клубының үйлестірушісі А.К.Мухсинова және «Ақжайық» волонтерлер клубының жетекшісі Кунеев Мұса Сансызбайұлының жетекшілігімен 1 курс студенттеріне еріктілер қатарына қабылдау шарасы жүргізілді. Шара аясында студенттерге волонтерлік қызметтің міндеті мен мақсаттары туралы кеңінен түсіндіріліп, сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының 2020 жылы «Еріктілер жылы» деп жариялануы үлкен бастамаға жету жолы мен жаңа мүмкіндіктер екенін жеткізді. Шара соңында «Ынтымақ» волонтерлер клубының белсенді мүшелері мотивациялық бағытта тренинг жүргізді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова