2019 жылдың 2-7 қыркүйек аралығында колледж оқытушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр.
Курс бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен құрастырылып, отандық және шетелдік тәжірибелерді қамтыған.
Бағдарламаның мақсаты пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, оқыту әдістемесі мен технологияларын зерделеу, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту аясында сабақтарды жоспарлау бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Курс педагогикалық білім беру мазмұнын даярлау, оқу процесін ұйымдастыру, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бөлімдерінен тұрады.
Курсты бағдарламаны құрастырушылар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Шымкент, Петропавлск, Ақтөбе, Атырау қалаларының Педагогикалық шеберлік орталықтарының тренерлер өткізуде.
Аталмыш курс еліміздің педагогикалық колледждері бойынша алғаш рет өтіп жатырған «білім беру мазмұны мен үдерісін ұйымдастыруды модернизациялау» жобасы шеңберінде оздырылуда.