Колледжімізде 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап эксперимент режимінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша аталмыш жоба іске қосылды.Білім алушылар жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеруде Назарбаев Зияткерлік мектептері, сондай-ақ Финляндия, Англия және АҚШ тәжірибесі негізінде жасақталған эксперименталды оқу бағдарламасы бойынша оқиды. Басты мақсат – болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейін көтеру.
Жобаның ашылуы ағымдағы жылдың 26 тамызы күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Орал жоғары педагогикалық колледжінің директоры Светлана Бахишева, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Kazdidac» Ассоциациясының басқарма төрағасы Валерий Лебедевтің қатысумен өтті.
Шара барысында STEM-білім беру мен оқушылардың зертеушілік дағдыларын дамытуға арналған кабинеті таныстырылды. Колледж оқытушылары мен Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері заманауи құрылғыларментәжірибелер көрсетті.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова өздерінің алғы сөздерінде эксперименттің маңыздылығы тоқталып, еліміз үшін педагог кадрлар даярлаудағы жаңа серпіліс екенін атап өтті. Сонымен қатар колледж директоры Светлана Бахишеваколледждің дамуындағы жобаның рөлін жан-жақты түсіндірді. Ал Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанат Абдильдина мұғалімдерді әдістемелік қолдау шаралары және эксперименттік білім беру бағдараламасымен таныстырды. Қатысушылар назарына «Қазіргі мұғалім балалар көзімен» атты шағын ролик көрсетілді.
«Ұлттық Аударма бюросы» Қоғамдық Қордың атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қазіргі бастауыш сынып мұғалімін тиімді дайындау бойынша қазақ және орын тілдеріне аударылған кітаптармен таныстырып, бірнеше данасын колледжге сыйға тарту жасады. Сонымен қатар bilimland.kz өнімдері 1 жыл тегін пайдалану мүмкіндігін ұсынды.
Қатысушыларға «Білім берудегі ғаламдық трендтер: тиімді білім берудің негізгі драйверлері» тақырыбында Лондонның Университеттік колледж профессоры Питер Мехисто дәріс оқыды.
Салтанатты жиын жоба үйлестірушілерін таныстыру, экспериментке қатысушылар-колледж оқытушыларына шарфтар табыстаумен аяқталды.