Білім басқармасының 1-30 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында 13.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова 1 курс студенттеріне денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер етеін заттарды (ПБӘЗ) тұтынудың алдын алу бойынша түрлі жастағы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында «Жақсы әдеттер» марафоны бойынша тренинг ұйымдастырып өткізді.
Шара барысында студенттер зиянды заттардың синтетикалық түрлерін пайдаланудың қаупі, жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың салдары туралы кеңінен ақпарат ала білді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова