19 ақпан күні 1сКШФ-9, 1асКБ-9, 1аФК-9, 1асКШО-9, 1аКДО, 1аКШИ-9, 1пКШТ-9 топ студенттері қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдени – ағарту бірлестігіне қарасты Гагарин атындағы балалар кинотеатрында, Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылған күніне орай, ҚР Парламентінің депутаты, әлеуметтік мәдени даму мүшесі ауған соғысы ардагерлер ұйымының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастықтың төрағасы және Ауған соғыс ардагері Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабының желісі бойынша түсірілген «Мен көрген соғыс» деректі фильмін тамашалады. Студенттер деректі фильмнен Ауғаныстан жеріндегі соғыс қимылдарын көріп, зұлмат соғыс жайында ақпараттармен танысты. Фильмнен жастар өз Отанына, еліне –жеріне деген сүйіспеншілігі оянып, патриоттық тәрбие алды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялануына байланысты 20.02.2020 ж. күні «Рухани жаңғыру» музейінде «Ерікті болу – болу» тақырыбында, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар тобы Батыс Қазақстан бойынша 2019 жылдың үздік еріктілері «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Жүсіпқалиев Дулат, Орал студенттер альянсының басшысы Кунаеев Муса және Батыс Қазақстан облысы бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшілері Бисенғалиев Мейірбек, Шамұратов Дәуренмен кездесті. Таяуда Президенттің қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу салтанатына қатысып келген волонтерлер 7 бағытқа тоқталып, осы бағытта барлық жастарды мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, мейірімділік танытып қол ұшын созуға шақырды. Кездесу барысында биыл өңірімізде волонтер жылы аясында 200-дей іс-шара жоспарлап отырғандырын жеткізді. Кездесу кешінің соңы экскурсиямен аяқталды.