10 ақпан күні колледжімізде мемлекет басшысы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын насихаттау және «2020 жыл- Еріктілер жылы» қолдау мақсатында жас оқытушылар мен студенттер арасында пікірсайыс турнирі өткен болатын. Турнир ерекше атмосферасымен есте қалды. Турнирде қаралған қарар: «БП ұлттық кодтың негізі тілде» осы тақырып аясында АПФ форматында пікір алмасу болды. Бір байқағаным: көрермендердің ерекше ықыласы мен қызығушылығы. Әртүрлі топтардан жиналған студенттер бірінен соң бірі өз ойларын, көзқарастарын айтып жатты. Турнир соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Турнир нәтижесі бойынша І орын- жас маман Құрманғалиева Назерке, 2 курс студенті Жамбылова Нұрбақыттың жеңісімен шешілді.