19 ақпан күні 1-2 курс студенттерін қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге студенттердің құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру мақсатында БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің психолог-инспекторы Сарманов Миржан Жұмағалиұлы және колледж жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Қадыров Нұрбек Аманжолұлымен кездесті. Кездесу барысында түрлі қылмыстар жасап түзету мекемелерінде отырған жөспірімдердің өмірі жайлы бейнероликтерді тамашалап өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар студенттер келген қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Адамгершіліктің, ізгі қасиеттері мен ар–ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттайтын құқықтық тәрбие шаралары әлі де өз жалғасын табады.