16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 3асМК, 3асКИНФ, 2апКИНФ топтары арасында «Тәуелсіздік таңы» атты интеллектуалды сайыс өтті. Әділ-қазылар алқасында 3асМК тобының жетекшісі Бекенова С.С., 3асКИНФ тобының жетекшісі Сұлтанова Г.Б., 2апКИНФ тобының жетекшісі Молдагалиева А.А. болды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең-Таныстыру;
2 кезең- Брейн ринг;
3 кезең-Не? Қайда? Қашан?;
4 кезең-Еліміздің ертеңі болар қазақ жастары. Сайысқа әр топтан 6 студент қатысып, Тәуелсіздікке дейінгі, Тәуелсіздік таңындағы және Тәуелсіздік жылдарындағы Еліміздің тарихы, мәдениеті, ғылымы мен білімін қамтитын түрлі сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.