Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында декада аясында бірнеше шара жоспарланды. Соның бірі –Абай өлеңдерінен жатқа оқудан колледж студенттері арасында челендж. Республика көлемінде Абайдың өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға және әнші Д.Құдайбергенге жолдаған еді. Осы үрдіс бойынша онкүндік аясында челендж жарияланып оған оқытушы Б.Б:Құрманғалиева және 2сҚМҚ тобы жауапты болды. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» Абай өлеңдерін жатқа оқудан колледждегі білім алушы топтар арасында эстафетаны 2сҚМҚ-9 тобы студенті А.Әлібекұлы «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңімен ашып, 2аҚМҚ-9тобына жолдады. Бұл топтан А.Мукашева «Жастықтың оты жалындап» өлеңін оқып өз кезегін 2а,сКШФТ тобына берді. Топтан Б.Бейбітәлі «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін нақышына келтіріп оқыды.Әрі қарайэстафетаны 1аКШИ тобы студенті Т.Қуанышқалиев «Қыс» атты өлеңімен,ал 1аФК тобынан Қ.Сүйіндікова «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерімен эстафетаның сәнін кіргізді.Содан соң 1аКШО тобы студенті Қ.Ақболатова«Күз» өлеңін жатқа айтып, 2аКШФ тобынан Ә.Әкімжанов «Ғылым таппай мақтанба», 1а,сКБ тобынан Қ.Көшекбай «Жаз» өлеңің, 3пҚМҚ тобынан Н.Хибатова «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін оқып эстафетаны аяқтады.