17 қыркүйек күні 1 курс студенттері БҚО-дағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Рухани жаңғыру музейіне барды. Музей 2017 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Аталмыш музейде музей қорынан алынған 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басына жататын ерекше жәдігерлерден «Тарих беттерінің куәгерлері» атты көрме жабдықталған. Өткен тарихымыздың сыр шертетін құнды жәдігерлерімен танысты. Студенттер музейдегі орталығына жинақталған сирек кездесетін басылымдарды, әр түрлі мәдени-тарихи жағдайдағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін студенттерге жан-жақты көрсетіп, кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін оларды сақтау және дәріптеу керек екенін айтты.