17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасның басшысы Гүлжанар Болатқызы Шөкеева қатысып, студенттерді мерекемен шын жүректен құттықтады және облыс әкімі Н.Төреғалиевтің алғыс хаттарын табыс етті.
Өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатының оңтайлы жүзеге асырылуына қосқан үлесі үшін коледжіміздің 4 студенті облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Олар:
1.Кыдырова Аяулым - 3аКШР-9 тобының студенті
2.Тлюпов Досымғали - 3асКИНФ-9 тобының студенті
3.Ади Айнара - 2аКДО-9 тобының студенті
4.Ақгүл Ербайқызы - 1аКДО-11 тоьының студенті
Салтанатты жиында биылғы жылы өңіріміздің қоғамдық өміріне зор үлес қосқан жастарымызды көтермелеу мақсатында Қоғамдық даму басқармасының қодауымен, Орал студенттер альянсының ұйымдастыруымен өткен “Студенттік және мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының үздіктері” байқауының жеңімпаздары да марапатталды.
“Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттік парламент төрағасы” аталымының жеңімпазы колледжіміздің Студенттік Парламент Президенті Парахатов Нұрсұлтан Әлімбайұлы атанды.
Барша Жаһанша жастарын шын жүректен құттықтаймыз! Алға, Жаһанша жастары!