Адам қолымен жасалған игі істің бәрі ақыл ойының, жүрек жылуының көрінісі. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза, сезімі сергек болады. Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі. Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары, ақ тілектері ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты.
Алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ паремасында «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сипатты байқауға болады. Осы мақсатта 11.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің аясында өзін-өзі тану мұғалімдері А.Т. Зайнуллина, А.К.Мухсинова және өздері жетекшілік ететін «Жас экологтар» мен «Ынтымақ» волонтерлар клубының жақсылыққа жаны құштар белсенді мүшелері студенттердің бойында сүйіспеншілік, сыйластық, кішіпейілділік құндылықтарын арттыру бағытында
«Ізгі ниет – ақ тілек» акциясын ұйымдастырып өткізді. Акция барысында студенттер колледж ұстаздарына ізгі тілектері жазылған ашық хаттарға байланған шарлар сыйлай отырып, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Шәкірттерінің ізгі тілектеріне риза болған ұстаздар оқуда озат болуларына деген алғысын білдірді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А.К.Мухсинова