2019 жылдың 4 ақпан күні сағат 10:30-да «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты облыстық жастар жылының ашылу шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Облысымыздың әр түрлі санаттағы жастары, жас ұстаздар, кәсіпкерлер, жас дәрігерлер мен өндіріс қызыметкерлері жастар ұйымдары өкілдері және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттеріде қатысып келді.
«Жетістікке бастайтын 7 қадам» жастар жылының ашылуына орай өткен жастар алаңында ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Оралов Асхат Раздықұлы «Жастар жылында жасалатын жұмыстар, нақты тапсырмалар мен жүзеге асыру механизмдері» туралы; ҚР Президентінің «Болашақ халықаралық степендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Дамесинова Лаура Бағлановна «Болашақ бағдарламасы түлектерінің жастар жылына қосар үлесі;» «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Болысов Тоқтар Коммунарович «Жастар ұйымдары тарапынын жүзеге асырылатын жобалар»; «Кублей» ЖШС директорының жобалар бойынша орынбасары Берекешова Зауре Талгатовна және жеке кәсіпкер, тамшылатып суару арқылы бау-бақша өнімдерін өндіріп жүрген Альжанов Марат Рустамович «Жеке кәсіппен айналысуға мемлекет тарапынан жасалынып отырған жағдайлар»; «Жастарға арналған 101 идея» қоғамдық науқанында өз идеясын ұсынған жас волонтер Булекпаева Айя Маратқызы «Жақсылық жаса- Твори добро» жастар марафоны туралы баяндап, жастармен пікір алмасыты. «Junior» футбол және баскетбол клубының директоры Габдуллин Бахтияр жастар арасындағы спортты дамыту бойынша ұсынысын білдірді. Облысымыздың жас кәсіпкері әрі белсенді азаматы ретінде танылып жүрген, «Fiesta» және «Banana Uralsk» дүкендер желісінің директоры Асхат Рамазанов жастарымызды«Uralsk Runnrs» қатарына қосылып, жұмысты жандандыруға шақырды.
Жастар ісі комитетінің жетекшісі: А.М.Махамбетова