12желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің жанындағы студенттер үйінде өткен "Иманды қыз, аяулы жеңге" атты дөнгелек үстел шарасы жоғары деңгейде өтті.
Иманда қыз, аяулы жеңге – қазақ халқының әйелдерге қойған асқақ талабы мен жоғары бағасын көрсететін ұғым. Бүгінгі таңда бұл тәрбие құндылықтары ұмытылмай, жаңаша көзқараспен, заманауи тұрғыда да маңызды болып отыр. Қызды ибалы етіп тәрбиелеу – отбасының бақытының белгісі.Ал жеңгенің қадірі – шаңырақтың ынтымағының кепілі.
Қыз баланың иманды, жеңгенің аяулы болуы – отбасының ғана емес, бүкіл елдің тұтастығының кепілі. Қазіргі заман қыздарды білімді, тәрбиелі етіп өсіруді талап етеді, бірақ ұлттық құндылықтардан ажырамай, оларды бойларына сіңіру – бәріміздің міндетіміз. Қыздарымыз ибалы, жеңгелеріміз өнегелі болса, ұрпақтың болашағы жарқын, еліміздің тұғыры биік болмақ.Осындай тақырыпта өткен шарамызда жатахана қыздары мен тәрбиешілері жақсы пікір алмасып ойларын ортаға салып талқылады.