Ұлттың шынайы ұлылығы әрдайым тәуелсіз әрі қуатты мемлекет құру үдерісінде көрініс тауып келді. Тарихи қауіп-қатерлерге толы қилы кезеңдерде жетістікке жету бақыты жер бетіндегі мыңдаған этностардың аздаған бөлігіне ғана бұйырды. Бүгінде әлем бойынша екі жүздей егеменді ел болса солардың ішінде «Тәуелсіздік таңы атқан, жаңа Қазақстан».
Оның шынайы егемендіктің негізін қалауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы қызметінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мемлекеттігіміздің нығайып, алғашқы қадамдары 1994 жылы 26 сәуірде Алматыда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекеттік Кеңестің Премьері Ли Пэн Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды. Екі елдің тарихында алғаш рет мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау процесі жүргізіліп бекітілді. Сондай-ақ, Қырғызстанмен (2001), Өзбекстанмен (2002), Түрікменстанмен (2003) және Ресеймен (2006) шекараларды делимитациялау туралы келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның қазіргі тарихындағы аса маңызды саяси оқиғалардың бірі 1997 жылы Қазақстан астанасын Алматыдан елдің орталығына, Ақмолаға (қазіргі Астана) көшіру болып табылады. 1992 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) мүшесі болып табылады. Қазақстанда білім беру саласындағы реформалар оқытудың әлемдік стандарттарын енгізуге, мемлекеттік емес білім беру секторын қалыптастыруға, қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға, ақпараттық технологиялар мен электронды оқыту үдерісінің элементтерін енгізуге бағытталған. 2000 жылы қыркүйекте алғаш рет "Білім беру" туралы заң қабылданды. Мұнда үздіксіз білім берудің аспектілері қаралды. Сондай-ақ Қазақстан Орталық Азияда алғашқылардың бірі әлеуметтік әріптестік туралы заң қабылдап, еңбек қатынастарын реттеудің тетігін іске қосты. Қазір Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, секілді беделді халықаралық ұйымдар бар. Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру әрқашан басты басымдық болып қала беретіні туралы қадап айтқан. Ұсынылып отырған реформалар біріншіден, дәйекті демократияландыруға ықпал етеді, екіншіден, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жаңа Қазақстан – жастардың жасампаз жолы. Сондықтан, келешектің кірпішін қалаймын деген өренді өзектен теуіп, кеудеден итермей қолдаумен қуаттау керек. Әлбетте үлкеннің ақылы мен батасы, өнегесі мен өсиеті керек. Бірақ келешектің келбетін келістіріп, болашақтын бейнесін қалыптастыратын жастардың жігеріне қолдау жасау керек. Жаңа кезеңнің адамы – елге сүйіспеншілігі жоғары, негізгі салт-дәстүр сабақтастығын сақтап, жемқорлықтан ада, ар алдында айыбы жоқ, оқып-білуге құмар, өмірге құштар жан болу қажет, жан-жаққа қарап жалтақтамай, жаңа Қазақстан құрудағы батыл қадам жасауымыз қажет!