2024 жылдың желтоқсан айының 11-күні, колледжімізде жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында "Мұғалім тәжірибесіндегі - жаратылыстану әдістемесі" тақырыбында оқытушысы Анаргүл Талғатқызы Зайнуллинаның ұйымдастыруымен студент-оқытушы-мектеп мұғалімі- ардагер ұстаздар сабақтастығындағы әдістемелік семинар өткізілді.
Мақсаты: пән мазмұнын оқытуда жаңа түрлі әдіс- тәсілдермен,цифрлық технологиялар,жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді қолдануды студенттер, мектеп мұғалімдері және тәжірибелі оқытушылармен практикалық іс барысында жүзеге асыру мен талдаулар жасау. Жаратылыстану пәндерінің оқытушы А.Т.Зайнуллина семинарға қатысушыларға келген ардагер оқытушылар, мектеп мұғалімдерімен таныстырудан бастап, семинардың өту жоспарын талдап өтті. Қазіргі заманауи оқыту құралдарымен технологияларының пәндік білім мазмұндарын оқытудағы ерекше тиімділігі мен әр тақырыпқа сай қолдану аясына смарттехнологиялар арқылы таныстырылымын жасады. Өз кезегінде әдістемелік даярлығымен келген Орал қаласының номері 1-ші ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі, осы колледж түлегі Қуанышқали Нұрбибі Темірболатқызы - жаратылыстану пәнінде бөлімдер бойынша әр тақырыпта жасанды интеллект мүмкіндіктерін қалай пайдалану жолдарын 3аКШО-9 тобы студенттерімен смарт тақтада өзара сұрақ-жауап, диалог арқылы талдап, түсіндірді. Мысалы: адамның дене құрысын оқытуда "мозайка" әдістерін қалай қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін қолдау тұрғысында керемет практикалық іспен ұштасқан ой бөлісуді жүзеге асырды. Одан соң ардагер ұстаздар М.К.Естурсиновамен Б.К.Сапиевтер осы пәнді оқыту ерекшеліктері туралы өз тәжірибелерімен студент, оқытушылармен пікір алмасты. Колледж оқытушысы Әлия Рамазанқызы Дусалиева- «Жаратылыстануды оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі" туралы практикалық сабақ өткізді. Ол сабағында қолда бар смарт технологияларды өте шапшаң, жеңіл қолданып, білім мазмұнының терең ашылуына ықпал етуші әдістерді студенттермен бірлесе отырып жүзеге асырды. Семинар кезеңінде А.Т.Зайнуллина тәжірибе алаңында топ студенттерімен бірнеше практикалық эксперименттерді жаратылыстануды оқытудың заманауи құралдарымен іске асырып, оқытушылармен дискуссиялық алаңда пысықтады. Семинар барысында кафедра оқытушылары Ж.Е.Молдағалиева, А.У.Кидришева, кафедра меңгерушісі С.К.Бисеновалар қатысты. Оқу әдістемелік семинарында қазіргі жаратылыстану пәндерін мектепте, шағын комплектілі мектептерде оқытудың ерекшеліктеріне баса мән беріліп, колледж- мектеп- тәжірибелі ардагер ұстаздар бірлігімен сабақтастығын одан әрі қолдау туралы көп жақты ұстанымдар туралы талқылаулар оздырылды. Студенттер үшін, мектеп мұғалімдері үшін бұл ерекше әдістемелік шара болды. Топ студенттері кері байланыс беру арқылы өз ойларын және ардагер ұстаздарға, мектеп мұғалімдеріне алғыстарын білдірді. Әдістемелік мақсаттағы семинар өте жоғары ұйымдастыру деңгейінде өтті. Қатысушылар өте риза сезімде тарқасты.