2 желтоқсан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының «Түбі бір-түркі әлемі» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты:түркі халықтарының ортақ тарихын, тілін, мәдениетін, дінін, құндылықтарын зерттеу және зерделеу.Шараға 1-4 курс студенттері мен оқытушылары, колледж әкімшілігі қатысты.
Шара барысында «Түбі бір-түркі әлемі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде түркі әлемі туралы мазмұнды, мағыналы құнды кітаптар ұсынылды. Студенттер түркі халықтарының шығу тегі, тарихы мен мәдениеті, рухани мұрасы туралы жазылған зерттеулермен таныстырып өтті. Ұсынылған кітаптардың ішіндегі құнды еңбектердің бірі философия ғылымдарының кандидаты Жаваншир Фейзиевтің «Түрік әлемі» кітабының бес томдығын атап өтуге болады. Бес кітаптан тұратын «Түркі әлемі» - әлемдегі түркі халықтарының біртұтастығы, жалпы түркі тарихы мен мәдениеті, саясаты мен дипломатиясы, түркі халықтарының өзіндік өмір салты, әдет-ғұрыптары, қазіргі түркі әлемінің даму әлеуеті мен келешегі жөнінде баяндайды. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың назарына түркі әлемінің ұлы тұлғалары мен олардың мемлекеттілік, саясат, ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы қызметтері туралы мағлұмат беретін кітаптар ұсынылды. Аталған мәліметтерден басқа, Қазақстанның түркі өркениетінің дамуына және қазіргі түркі әлемі мемлекеттерінің бірігу процесіне қосқан үлесі туралы да айтылды.Шараның соңында колледж директоры А.Ж.Қайрлиева сөз сөйлеп, түркі әлемін зерттеу маңыздылығын айта келе, осындай шараны жоғары сапалы талап деңгейде өткізе білген студенттер мен оқытушыларға ризашылығын білдірді.