28 қараша күні педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Н.Б.Нурланова, Бауыржанова Г.С. БҚО Білім басқармасымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бастауымен №46 ЖОББ мектебінде кәсіптік бағдар жұмысы ұйымдастырылды,
бітіруші 9 сынып оқушыларымен кездесіп, колледж туралы толық мағлұмат бере отырып, колледждің 2025-2026 оқу жылына қабылдау шарттарымен таныстырды. Оқушыларға колледжіміз ақпараттар беріп, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Бастауыш білім беру мұғалімі», , «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі",«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», мамандықтары туралы толық мәліметтер беріп, колледжімізде білім алуға жан-жақты жағдайлар қарастырылғанын, ең алдыңғы қатарлы республикадағы педагогикалық білім беру ордасы екендігін және ешкімді қайталамайтын өзіндік дәстүрі бар оқу орны екенін айтып, мектеп бітіруші түлектерді колледжімізде білім алуға шақырып, қойған сұрақтарына жауап беріп, негізгі мектеп базасында биыл ашылатын ақысыз оқу жөнінде әлі де өзгерістер болатынын түсіндірді.