14 қараша күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырған «Кітап — сарқылмас рухани қазына» атты танымдық шара колледж кітапханасында өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — студенттер мен оқытушылар арасында кітап оқуға, білімге деген қызығушылықты арттыру болды. Іс-шараға колледж кітапханашылары Г.Г. Тухтарова мен Г.С. Хаймулдиева белсенді қолдау көрсетті. Шараға кафедра оқытушылары және 2аКШО-11, 3пКШО-11 топтарының студенттері қатысып, өз ойларын білдірді. «Оқуға тиіс 10 кітап» бөлімінде кітапханашы Гүлмира Тухтарова студенттерді кітапхана қорындағы жаңа кітаптармен таныстырып, соның ішінде «Отбасы», «Тәрбие», «Байлық» және «Бала тілін табудың 5 тәсілі» атты еңбектерді ерекше атап өтті. Кітапхананың белсенді оқырмандары, 3апКШК тобының студенттері Кәрім Сағыныш пен Салимова Жаннұр, өздерінің оқыған шығармалары жөнінде бөлісіп, тыңдаушыларды қызықтыра түсті. Сонымен қатар, оқытушылар Н.Б.Нурланова мен Г.С.Бауыржанова республика көлемінде шығатын «Колледж» және «Тәрбие сағаты» журналдарында жарық көрген өзекті мақалалар мен педагогикалық әдіс-тәсілдерге талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара қатысушылардың пікірлерімен және қорытындыларымен өз мәресіне жетті.