«Кәсіби құзыреттілік – сапалы білімде» атты педагогика және психология кафедрасының онкүндігі аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
атты ата-аналарға арналған терапиялық шара ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналарды отбасы құндылықтарына, тәрбиеге, балаға деген сүйіспеншілік пен қолдау көрсетуге бағыттайды. «Менің көңіл-күйім», «Өткен мен болашақ», «Менің көңіл-күйімнің суреті», «Музыкалық көңіл-күй» жаттығулары жүргізіліп, ата-аналар белсенді қатыса білді. Шара барысында «Assistance parents» жобасы таныстырылып, тәрбие процесіне тартуға бағытталған қолжетімді педагогикалық-психологиялық көмек көрсету бағыты туралы мәлімет берілді.
Шара соңында ата-аналар өз лебіздерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.