21 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері БҚО әкімдігі денсаулык сактау баскармасының «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы»
ШЖҚ МКК мамандары ұйымдастырған Ю.Гагарин атындағы кинотеатрда “АИТВ-сіз өмірді таңда!” тақырыбындағы кинолекторийге қатысты. Кинолекторийде БҚО Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Д.М. Сатарова, “Жұмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы” КММ директоры Ж.Т.Әлімова, СПИД орталығы маманы Г.К.Умбетова студенттерге дәрістерін оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.