Ағымдағы жылдың 21 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде "Дұрыс жолды - адам құқықтары жолын таңдаңыз!" атты онкүндіктің
өтуіне байланысты "Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының" маманы Д.К. Умбетовамен кездесу өтті. АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары және бұл аталған ғасыр індеті АИТВ жұқпасының адамдардың жасына, жынысына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт екендігі, қазір жер шарындағы барлық мемлекеттерде осы қатерлі аурудың тіркеліп отырғандығы жөнінде баяндалды. Шараға 1-2 курс студенттері қатысты, толғандыратын сұрақтарын қойды.