Мақсаты: Түлектер қауымдастығының жұмысы аясын кеңейту. Колледж түлектердің ғылыми - әдістемелік жұмысын қолдау. Бітіруші түлек қауымдастық мүшелерінің кәсіби жетістіктерін өсу жолдарын насихаттау.
2024-2025 оқу жылындағы өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес, «Жаһанша жасын» колледж түлектер қауымдастығының төраға орынбасары, 2021 жылғы «Информатика» мамандығының түлегі, қалалық № 50 ЖОББ мектебінің мұғалімі Қасым Алина Азаматқызының «Бүгін және Ертең» тақырыбындағы шеберлік сағаты колледждің акт залында өткізілді. Шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатынасты. Шараның алғыс сөзін директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев бастады. Алина Азаматқызы «Бүгін және Ертең» шеберлік сағатында өзінің колледжде белсенділік таңытқан шаралары, еңбек жолы, марапаттары туралы айта келіп, қазіргі сабақтарында қолданып жүрген әдіс тәсілдерін, нейро жүйелерін таныстырып пайдалану жолдарын көрсетті. Студенттермен кері байланыс жүргізіп, сауалдар қою арқылы қызықты сұрақтарға жауап алынды. Бүгінгі күннің студенттеріне ертеңгі күннің мамандары болу үшін белсенділік, жауапкершілік, біліктілік құзыреттерінің колледж қабырғасында қалыптасатынын айтып, өзінің тәжірибесінен үлгі келтіре отырып бағыт бағдар берді. Шара барысында шеберлік сағатына қатысқан оқытушылар Хамза Ж.Ж., Султангалиев Р.С. сөз сөйлеп түлегіміз Алинаның студенттік кездеріне тоқталып, ұстаздық жолына сәттілік тіледі. Дәстүрлі өткізіліп отыратын шараның соныңда практика әдіскері Жонкарбаева Ж.Ж. Алина Азаматқызына «Алғыс хатпен» марапаттап ризашылығын білдірді.