29 қазан күні Колледждің практика бөлімі мен музыка кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәжірибелі әдіскерлер мектебі» жұмысы аясында жүргізіліп отырған «Музыка сабағында әдіс тәсілдерді қолдана отырып, музыкалық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы мектеп әдіскерлерінің шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сыныптың мақсаты: Жаңа цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру бойынша мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту.
Шеберлік сыныпқа қалалық білім бөлімінің музыка пәні әдіскері, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Казмаганбетова Назгуль Болатовна, №42 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімдері педагог-зерттеуші Молдагалиева Камшат Изгалиевна, педагог-зерттеуші Турегалиева Ардак Аубакировна, Шайхымалиев Мейрам Мұханбетұлы, №1 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі, педагог-модератор Мухамбеткереева Сауле Амангельдыевна және – №48 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі педагог-сарапшы Батырова Аспет Утебаевна қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Музыка кафедрасының 4аКШМ-9 және 1аКШМ-9 топтарының студенттері шеберлік сыныптан керемет әсер алды. Өз тәжірибелерімен бөліскен әдіскерлер колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.