17.10.24 күні, 1 п КШИ 11 тобында, "Қарым-қатынас: сәттілікке жол" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: өзара түсіністік пен коммуникацияның маңыздылығын талқылау, табысты коммуникация мысалдарын қарастыру және оқушыларды тиімді байланыс жасау дағдыларына үйрету.
Тақырып өзектілігі аталып өтті, оқушылар өз күтілімдерімен бөлісті. Теориялық бөлімде өзара түсіністіктің оқу мен өмірдегі табысқа әсері туралы қысқаша дәріс өткізілді. Білім алушылар жеке тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісіп, топтық талқылауға қатысты. Содан кейін практикалық тапсырма ретінде "Досыма хат" тренингі өткізілді.
Қорытынды бөлімде қарым- қатынас дұрыс бағытта орнату мәселесі талқыланып, тыңдау мен түсінудің маңыздылығына назар аударылды. Нәтижесінде оқушылар өзара түсіністіктің маңыздылығын түсінді, коммуникативті дағдыларды дамытуға қызығушылық артты. Осындай шараларды жалғастыру және командалық жұмыс бойынша тұрақты тренингтер енгізу ұсынылды.
Топ кураторы- А.Б.Сатыбалдиева