Ұстаздар күні мерекесінің қарсаңында Жаһанша колледжінің ұлағатты ұстазы, парасатты педагог, әмбебап әдіскер, саңлақ суретші, жоғары санатты озық оқытушы, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің» иегері, бір басына бірнеше қасиетті топтастырған сан қырлы тұлға Мұхамбет Сұпығалиұлы Мұқашевтің 63 жас мерейтойына орай «Ұстаздықты өнермен өрнектеген...» атты тағылымды кездесу кеші болып өтті.
Шараға Мұхамбет Сұпығалиұлы мен Қырымжан Үмбетырзақының отбасылық достары ақын Ғайсағали Сейтақ пен ақынның жары Тамара Нәбиқызы, оқу орнымыздың ардагер ұстаздары Шолпан Сағатқызы, Бейсенбай Қуанышқалиұлы, Мақсот Нәсекенұлы, Тамара Өтегенқызы, Біржан Кәрімұлы, колледждің әлеуметтік серіктестері әрі мерейтой иесінің әріптестері Орал қалалық №22 ЖОББМ директоры Мәулен Ермекұлы, №50 ЖОББМ директоры Мөлдір Ерсайынқызы, Д.Қонаев атындағы №44 ОЖББМ мұғалім-тренері Айымгүл Сансызбайқызы, колледж түлегі, ағайдың төл шәкірті Жеміс Ерсайынқызы және колледж ұжымы мен студенттер қатысты. Кездесуде Мұхамбет Сұпығалиұлы өзі өмірге келген киелі өлке, өсіп-өнген өнегелі әулеті, тәлім-тәрбие берген ардақты ата-әжесі мен ата-анасынан бастап, білім берген ұлағатты ұстаздары туралы да тебірене толғап, әсерлі әңгіме айтты. Артынша арман қуып ару қала - Алматыға аттанып, Абай атындағы жоғарғы оқу орнының студенті атанып, талантты суретші ретінде танылуы да терең сыр.
Шара барысында курстас досы бүгінде қоғам қайраткері, ақын Қазбек Иса бейнеқұттықтау жолдаса, әріптестер кейіпкердің өз ісіне аса жауапты білгір маман, сан қырлы өнер иесі екендігін зор ризашылықпен әңгімеледі. Мұхамбет Сұпығалиұлының колледждің оқу-өндірістік істер жөніндегі директордың орынбасары қызметі туралы әлеуметтік серіктестер , мектеп директорлары әңгімелеп, ізгі лебіздерін арнады. Колледжің музыка кафедрасы оқытушыларының өнерімен өрілген әсерлі кеште ұстаздың көрші достары, ақын Ғайса Ғали Сейтақ, ақын жары Тамара Наби Мұхамбет ағайдың ұлттық құндылықтарды насихаттаушы отағасы, адамгершілігі мол тұлға ретінде аша білді.
Кешке Мұхамбет Сұпығалиұлының жары , колледждің ұстаз.