«1 маусым – Балалар қорғау күні» мереке аясында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттер үйінде орналасқан эвакуациялық пункттің кішкентай бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Музыка білім беру» кафедраларының оқытушылары мен білім алушылары «Елдің сәні- ерке балғындар!» атты мерекелік шараны ұйымдастырды.
Шара барысында бүлдіршіндерді көңілдерін көтеру мақсатында көңілді би мен ойындарды мультфильм кейіпкерлері сайқымазақ Клепа, Фиксик, Миньон, Қошақан ұйымдастырды. Сонымен бірге балалар ойындарға белсене қатысқаны үшін тәтті сыйлықтарға ие болды. Түрлі борлармен асфальтта өздерінің сурет салу өнерлерін көрсетті.
Мереке соңында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім алушыларымен «Балалық балғын шақ» атты флэшмобқа қатысып, сүйікті кейіпкерлерімен фотосуретке түсті.