Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттер үйінде орналасқан эвакуациялық пунктте бүгін үлкен қуаныш. Ортамызға тағы бір жан қосылды. Дүние есігін ашқан нәрестені студенттер үйінің қызметкерлері перзентханадан шығарып алуға атсалысып, жаңа босанған анаға ыстық ықылас пен жақсы көңіл-күй сыйлады.
Сәбиге Жаһанша атасындай білімді, ұлтының адал азаматы болып, ғұмырлы болуына тілектеспіз! Халқымыздың саны көбейе берсін! Ең бастысы, ұрпағымыз салиқалы, өнегелі, рухты болсын! Осындай игілікті істер жалғасын таба берсін.
Сіздерде құттықтап, батырдың амандығын тілеп қойыңыздар.