2024 жылдың 21 мамыр күні 4асКШТ-9 тобында ата - аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: “Қолөнер - атадан балаға мұра”. Мақсаты: Колледж, студент, ата – ана ынтымақтастығын арттыра отырып, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру. Сонымен қатар түлектердің курстық, дипломдық жұмыстарын ата - аналарға таныстыру, студенттерге қолдау көрсету.
Шара барысында директордың оқу – өндірістік жұмысы бойынша орынбасары М.С.Мұқашев сөз сойлеп, көркем еңбек мамандығының ерекшелігіне тоқталды. Ғасырлар бойы дамып, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен қастерлі өнерді келешек ұрпаққа үйрету көркем еңбек пәні мұғалімдерінің міндеті болап саналатындығын жеткізді. Түлектердің курстық, дипломдық жұмыстарына мән бере отырып, қолдау көрсету қажет екенін айтты.
Көркем еңбек кафедрасының меңгерушісі және оқытушысы Хамзин Нурлан Амангельдиевич сөз cөйлеп басқалардан кем болмау үшін, білімді, күшті болу керектігін, болашақтағы мамандықтары өте қажетті екенін айтты.
Шара соңында ата – аналарға рефлексия ретінде тапсырмалар беріліп, өз қолдарымен сурет салды, суреттерді қиып жануарлардың мүсінін жасады. Шара өз мақсатына жетті. Ата – аналар белсенділік танытып, өз алғыстарын білдірді.