23 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжіндегі эвакуациялық пункт тұрғындардың балаларына “Кел, дос болайық!” тақырыбында қызықты тренинг өткізілді.
Тренинг барысында балалар командаға бөлініп, нейро жаттығулар, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, зейін арттыруға, бірлікке тәрбиелейтін топтық ойындар ойнатылды. Тренинг соңында балалармен кері байланыс жасалып, тәттілер таратылды.
Тренингке балалар қызығушылықпен қатысты.
Ұйымдастырған: Амантаева Э.А; Бикитеева К.