21 мамыр күні Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының онкүндігі және "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында колледж студенттерінің әкелері арасында "Менің әкем жақсы адам" атты волейбол ойыны жарысы өткізілді. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие үдерісін ұйымдастыру, әкенің отбасындағы рөлін терең тану және жетілдіру мақсатында өткен шарада өткен волейбол ойыны өте тартысты өтті.
Қазақ ұғымында әкенің беделі аласармаған. «Отан отбасыдан басталады» деген даналық сөздің маңызы жоғары. Ұлттық тәрбие де үйден бастау алады. Ер бала әкесіне сырын ашық айта алуы керек. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі. Кемел келешегіміз үшін жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулығанымыз жөн. Қазақ «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деп жайдан-жай айтпаса керек.
Жарыс қорытындысы бойынша "Үздік ойыншы" номинациясын жеңіп алған 3аКШФ-9 тобының студенті Турашева Бекжанымның әкесі Турашев Мухамбет. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша 1-орынды 3аКШФ-9 тобы әкелері, 2- орынды 3пКШФ-11 тобы әкелері жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Әрбір отбасында елін сүйетін, ұлтжанды азаматтың тәрбиеленіп шығуы әке тәрбиесімен тығыз байланысты екені күмәнсіз.