Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде ұжым мүшелеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2-тармағына сай «БҚО білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген стандарты таныстырылды. Таныстырылым барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.М.Кенжегалиева сөз алып, стандарттың маңыздылығы, бүгінгі күндегі өзектілігі туралы айта келіп біздің ұжымда осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмегендігін, болашақта да жол берілмейтіндігіне сенім білдірді.