Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының орынбасары А.Бижанов колледж студенттеріне арнап терроризмге қарсы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Студенттерге терроризм және экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, шұғыл әрекет ету.
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыру және терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде сауатты және ұтымды әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды түсіндірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті дайындаған терроризм актілерінің болу қауіпі жайлы ақпараттық-әдістемелік бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ директордың орынбасары Ақан Мәлікұлы студенттерге колледж және студенттер үйі ғимаратының эвакуациялау жоспарын таныстырды.