Бүгін Тазару күніне орай Орал қаласында экологиялық акция өтті. Сенбілікке Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы, Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы және студенттер, жастар, экология белсенділері қатысты.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қызметкерлері мен студенттері де аталмыш сенбілікке қатысты.
Сенбілікке қатысушылар Шаған өзенінің жанын қураған ағаштардан тазартып, жол жиегіндегі қоқыстарды жинады.